Шымкентте жаңа жол айрығын салу жұмыстары жоспарланды

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Байдібек би — Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жоспарлануда.


Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған.

— Бүгінде қаламызда жол мен көлік мәселесі өзекті салалардың бірі саналады. Бұл мәселе күн тәртібінен түсіп көрген емес. Әсіресе, қаламызда көлік кешенін дамытуға қатысты жаңа жобалар қолға алынып, бірқатары жүзеге аса бастады. Қазіргі таңда миллионды қаламызда көлік кептелісі мәселесін оңтайландыру үшін жаңа жолайрықтар салуды жоспарлап отырмыз, -деді қала әкімінің орынбасары М. Исахов.

Құрылыстың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес Байдібек би даңғылында 700м, Арғынбеков көшесінде 921м аралықта жол жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоспарға сәйкес жолайрықта ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген. Сонымен қоса жол жиегінде 1,5 метрлі жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынатын болады.

Нысан құрылысына жауапты мердігер — «КазахДорСтрой» ЖШС. Ал техникалық қадағалаушы «ЮжКазЭксперт» ЖШС.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.