Шымкентте жол қозғалысын реттеу жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жұмыстары атқарылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 938,4 млн теңге қаралып отыр.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасовтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, жыл басынан бері жасанды жол кедергілері (100 м), жол белгілері (850 дана), белсенді жаяу жүргіншілер өткелі (3 дана), бағдаршам орнату (2 дана), аялдама орнату (25 дана), жол таңбаларын сызу (45 шақырым) жұмыстары орындалды.
Айта кету керек, ауа-райының қолайсыздығы салдарынан наурыз айына жоспарланған жұмыстарда бірқатар кешігулер орын алған болатын. Бүгінгі таңда, бекітілген кестеден қалыс қалмау мақсатында аталған жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізілуде. Аталған жұмыстар сәуір айының соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re truly a good webmaster. The web site loading pace is amazing.
It seems that you’re doing any unique trick. Furthermore, the contents are masterpiece.
you have done a excellent process in this topic! Similar here: sklep internetowy and
also here: Bezpieczne zakupy