Шымкентте жылыжай шаруашылығы дамуда

Шымкент қаласында 2019 жылдың соңында ірі жобалардың бірі «Taza onim» жылыжай кешенінің 3 гектары іске қосылған болатын.


Өткен жылдың маусым айында жылыжайдан 800 тонна қияр өнімі жиналды. Мұндай жоғары көрсеткіш шаһарда алғаш алынған мол өнім еді.

Заманауи қондырғылармен жабдықталған жылыжайда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс тек автоматтандырылған жүйеде атқарылады.

Жылыжай кешені 2020 жылы 6 гектарға кеңейтіліп, 1 200 тонна қызанақ және 520 тонна қияр өнімдері жиналды. Қазір мұнда 100 адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтылған. Жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. 

Аталған жоба тек қаламыздың көкөніс өндірудегі экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, республика көлемінде өзіндік үлеске ие. «Taza onim» жылыжай кешенінің иесі, Аршат Ахметжановтың сөзінше биыл жылы жылыжай көлемін қосымша 4,3 гектарға арттыру жоспарланған. Кәсіпкер жиналатын өнім көлемін 5 000 тонна жеткізіп,  басым бөлігін экспортқа шығаруды көздеп отыр. 

Айта кетейік, бұл жерде өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар бойынша 8(7252)24-75-40 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.