Шымкентте жылыту маусымына дайындық басталды

Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда.


Сала мамандары жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқы маусымға дайындығын бастап кетті. Биыл қондырғыларды күрделі жөндеуге 825,53 млн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы «3-Энергоорталық» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

– Орталықта қондырғыларды жаңартуға, қазандықтар мен турбиналарды ақаусыз техникалық күйде ұстауға күш жұмсадық. Мақсатымыз — Шымкентті жылу және электр энергиясымен сенімді және сапалы түрде қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуге 825,53 млн теңге, ал ағымдағы жөндеулерге 250 млн теңге инвестицияланады, – дейді «3-Энергоорталық» АҚ Бас директоры Қайрош Оңғарбаев.

Станцияда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Жөндеу жұмыстарына және қажетті материалдарды жеткізуге қатысты келісімшарттар түзілген.

Бүгінгі таңда, мердігер компания №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандыралған және жартылай тұзсыздандырылған бакқа, сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық орындарға күрделі жөндеу жүргізуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. 929476 835455This is really intriguing, Youre a really skilled blogger. Ive joined your rss feed and look forward to seeking more of your magnificent post. Also, Ive shared your internet internet site in my social networks! 208302

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.