Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті

Соңғы бес тәуліктің ішінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 22 науқас коронавирус инфекциясын жазылып, үйлеріне шығарылған.


Оның ішінде 17-сі 45-жасқа дейінгі азаматтар болса, қалған бесеуі 50 жастан асқан егде жастағы науқастар.

Коронавирус инфекциясынан ауруханадан жазылып шыққандар екі аптаға жуық жергілікті емханасы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Бүгінге дейін Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 222 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан. Соның ішінде, «COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532) ересек азаматтар.

Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.

Барлығы қалада 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі бақылауда.
Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.