
Шымкентте масаға қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкент қаласында масалар, мүк және басқа да жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде бұл жұмыстар қаладағы саябақтар мен гулзарларда атқарылуда. Жұмыстар таңғы және кешкі уақытта жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 17 автокөлік пен 35 адам жұмылдырылып отыр.
Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтарында, көшелерде, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде жүргізілетін болады. Сондай-ақ, дезинсекциялық жұмыстармен мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, базарлар, сауда үйлерінің аумақтары қамтылады.
Жалпы қала бойынша 4 миллион шаршы метрге жуық аумаққа масаға қарсы «Кординал» дәрісі шашылады.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент аумағында кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс жәшіктеріне, қаладағы өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Ол үшін 10 млн теңге қаржы қаралған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылып жатқан іске 5 топтан құралған 20 маман жұмылдырылды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
889641 719781The electronic cigarette uses a battery and a small heating factor the vaporize the e-liquid. This vapor can then be inhaled and exhaled 966059
639373 954387I like this web site quite considerably so much amazing information. 468006