Шымкентте мұғалімдерді ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды

Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өттідеп хабарлайды anyq.kz  ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте мұғалімдерді ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Бұл үшін қалаға І-компонентті 4800 доза және ІІ-компонентті 3800 доза «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әкелінді. Бұл жолы екінші кезеңге сәйкес КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері алады. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Осы санаттағыларды вакциналау үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 21 егу кабинеті дайындалған. Мұғалімдерге екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізіледі.

 Екпе алмас бұрын медицина қызметкерлері арнайы тексерістен өтеді. Олардың дене қызуы, қан қысымы, бәрі мұқият тексеріледі. Содан кейін вакцина салдыратын адам өз келісімін қағаз жүзінде береді. Егер тексеріс барысында қандай да бір кемішілік болса, екпе уақытша шегеріледі.

Айта кетейік, егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.