
Шымкентте сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында онкологтар Ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық онкология орталығының мамандары таңғы сағат 8:00-ден бастап азаматшаларды қабылдады. Маммолог-дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 63 әйел маммологтың қабылдауында болып, 17 науқас ультра дыбыстық зерттеуден өткен. Сондай-ақ 3 науқастан цитологиялық тексеру үшін биопсия алынған.
Жалпы іс-шараның қорытындысында 3 науқаста қатерлі ісікке күдік және 11 науқастан қатерсіз ісік анықталды. Медицина мамандарының айтуынша, науқастарда диагностикаланған ісіктер ерте сатысында анықталғандықтан емдеуі оң нәтиже береді.
Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы – ерте диагностикалау. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді, дейді мамандар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
189573 189354This style is steller! You certainly know how to maintain a reader entertained. Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (nicely, almostHaHa!) Wonderful job. I truly enjoyed what you had to say, and more than that, how you presented it. Too cool! 43327
203011 465140Hey, are you having issues with your hosting? I needed to refresh the page about million times to get the page to load. Just saying 217588