Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №137 мектепті аралау барысында 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелерімен танысты.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылатынын жеткізді.
Контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан аспай дәстүрлі форматта оқиды. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.
Білім беру нысандары «InfoKazakhstan.kz» порталына тіркеліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының талаптарын сақтаған кезде білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру қызметіне рұқсат беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ, — деді сала басшысы.
Ал, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылады. Колледждердің 1 курс студенттері болса екінші семестрде штаттық режимде оқитын болды.
Мұрат Әйтенов білім беру процесінің барлық қатысушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы, мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етуі қажет екендігін айтты. Сонымен бірге, ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін үнемі түсіндіріп отыруды тапсырды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Tremendous issues here. I am very happy to see your article.
Thank you a lot and I am taking a look forward to touch you.
Will you please drop me a mail?