Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні өтуде

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде 31 мамыр — Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұрпақтар еске алады» атауымен Ашық есік күні өтіп жатыр.

Таңертеңнен бастау алған іс-шараның мақсаты — ашаршылық пен тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым ету, қазақтың асыл азаматтарының өмірі мен қайраткерлігін таныту, сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, Тәуелсіздіктің мән-мағынасын ұғындыру және оның тұғырлы болуы үшін патриоттық сезімді нығайту.

Ашық есік күнінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылып, «Тағзым», «Репрессия» залдарына экскурсия жасалады. Сонымен қатар, «Зұлмат», «Нәзірдің жарық жұлдызы», «Т.Рысқұлов», «Алаш алыптары – Ә.Бөкейханов» атты деректі фильмдер көпшілікке ұсынылады.

Шара кешкі сағат 17.30-ға дейін жалғасады, кіру – тегін.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.