Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарына 19 миллион теңге төленді

Елбасының жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері 31 — мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Ал, 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау ретінде біржолғы ақшалай төлем төленіп келген.

Биылғы жылы да осы дәстүр бойынша жергілікті мәслихаттың шешіміне сәйкес Шымкенттегі 1306 азаматқа 5 АЕК яғни, 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек берілді. Бұл үшін бюджеттен 19 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адамға жоғары жазалау шарасы – ату жазасы қолданылды.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде 31 мамыр — Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұрпақтар еске алады» атауымен Ашық есік күні өтті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.