Шымкентте тұрғындардың 87 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды.


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бекітілген халықтың саны 900 мыңнан асады. Яғни, жалпы тұрғындардың 87 пайызы сақтандырылған.
Бұдан бөлек, Айгүл Жақыпқызы мемлекеттік медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету -75 пайызды құрағанын айтып, бүгінде «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» ЖШС мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде 1901 компьютер мен 674 принтер техникасын жеткізіп жатқанын мәлім етті.

Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыруды айтқан қала әкімі медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылатындығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын автоматтандыру мен жарақтандыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін денсаулық сақтау саласын дамытудағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді міндеттеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 108427 241464Be the precise weblog in case you have wants to learn about this subject. You comprehend considerably its almost onerous to argue to you (not that I personally would needHaHa). You undoubtedly put a new spin for a subject thats been discussing for some time. Nice stuff, simply nice! 550996

  2. 990352 897228For anyone one of the lucky peoples, referring purchase certain products, and in addition you charm all with the envy of all of the the numerous any other men and women around you that tend to have effort as such make a difference. motor movers 482478

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.