
Шымкентте қыс мезгілі аяқталғанымен, қалада суық ауа райы әлі де орын алуда.
Тұрғындар өз үйлерін жылыту үшін газ және пеш жабдықтарын, электр жылыту құралдарын пайдаланып отыр. Жылыту құралдарын қолдануда қауіпсіздік сақталмаса салдары өрт жағдайы орын алуы мүмкін.
Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру үшін Қаратау ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жеке тұрғын үй секторын аралап, осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастырып отыр.
Рейд кезінде ТЖ қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрған жерлеріне ерекше назар аударды. Инспекторлар жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану жөнінде кеңестер беріп, жылыту құралдарын пайдалану ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салатын жадынамалар таратты.
«Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында Қаратау ауданы ТЖ басқармасының мамандары 8 шағын ауданда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жеке сектордағы 1856 үйді, 47 көп қабатты үйді аралап шықты. 3-5 наурыз аралығында түсіндіру жұмысымен 7 338 тұрғын қамтылды.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті ескертеді! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! Өрт туындаған жағдайда «101» және «112» шұғыл қызметтеріне тез арада хабарлаңыз. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің сенім телефоны: 8 (7252) 37-74-84.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
You’re actually a excellent webmaster. This site loading velocity
is amazing. It seems that you’re doing any distinctive trick.
Also, the contents are masterpiece. you’ve done a excellent task on this subject!
Similar here: sklep internetowy and also here: Sklep internetowy
660271 476172In the event you have been injured as a result of a defective IVC Filter, you must contact an experienced attorney practicing in medical malpractice cases, specifically someone with experience in these lawsuits. 37158