
Қалада жыл сайынғы жануарлардың аса жұқпалы ауруларына қарсы іс-шаралар басталды.
Биыл эпизоотияға қарсы іс-шараларға мемлекет тарапынан 123 654,5 мың теңге қаржы қаралған. Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.
Эпизоотия – белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу деңгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурулардың таралуы.
Аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 70-ке жуық маманы жұмылдырылып, бүгінгі таңда 34 000 бас ірі және ұсақ малдардан бруцеллез аурына қан сынамалары алынып, диагностикалық зерттеуге өңірлік зертханаға жолданды.
Бұдан бөлек, құтыру ауруына қарсы 10650 бас ит-мысықтарға, сібір жарасы ауруына қарсы 33000 бас, аусыл аурына қарсы 43750 бас ірі және ұсақ малдарға, сонымен бірге құс тұмауына қарсы 75500 бас үй құстарына екпе егілді.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларына мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Белгіленген кестеге сәйкес маусымдық іс-шаралар жалғасуда.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
797013 457544Youre so cool! I dont suppose Ive read anything like this before. So good to search out any individual with some original thoughts on this topic. realy thank you for starting this up. this site is one thing thats wanted on the internet, somebody with a bit of originality. beneficial job for bringing something new to the internet! 697886
155836 788460I like the valuable information you offer in your articles. Ill bookmark your blog and check once again here regularly. Im quite certain Ill learn a lot of new stuff right here! Great luck for the next! 304282
527916 89506Glad to be one of many visitants on this awing internet website : D. 921768
264623 624069I saw two other comparable posts although yours was the most beneficial so a lot 665803