
Еліміздің солтүстік, орталық өңірлерінде құс тұмауы ауруы жаппай тіркелуде. Осыған орай, Шымкент қаласында аталған аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге, жеке ауласында үй құстарын ұстайтын тұрғындардың құстарының санын қайта нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған қалалық Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары және басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 76 ветеринариялық дәрігері жұмылдырылды.
Құс тұмауы – үй құстарының, синантропты және жабайы құстардың эпизоотия немесе энзоотия түрінде өтетін, респираторлық органдар мен асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен, жалпы әлсіреуімен, өнімділіктің төмендеуімен сипатталатын жоғары зардапты ауру.
Шмкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.
ЕСКЕРТПЕ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Байланыс телефондары: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 24-75-37, 24-75-18. «Ветеринариялық қызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
197308 586184Some truly exceptional articles on this internet web site , thankyou for contribution. 240224
155141 803121Spot on with this write-up, I genuinely assume this internet site needs much more consideration. Ill probably be once more to read far far more, thanks for that information. 650893