Шымкентте қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы жандануда

Бүгінгі күні агроөнеркәсіп саласы, оның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындары қаланың өндіріс әлеуетін арттыруда өз септігін тигізуде.


Шымкент қаласында қазіргі таңда 42-ге жуық қайта өңдеу кәсіпорны бар.

Солардың бірі — өз саласын жетік меңгерген «ЭМ-НҰР» ЖШС -нің сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан.

Өз жұмысын 2001 жылы бастаған кәсіпорын мемлекет тарапынан өңдеуші кәсіпорындарға көрсетілетін бағдарлама негізінде қолдау алып, өнімін көбейтті. Бүгінде қала тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтып отыр.

Түркияның заманауи озық технологияларымен жабдықталған мекеме жылына 6 600 тонна сүтті қайта өңдеп, сәйкесінше 550 тонна ірімшік өндіреді. Онымен қоса, 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпорында шығарылатын «Кашар-Пейнир» (майлылығы 25%), «Качотта» (майлылығы 45 %), «Lengerskii» (майлылығы 25%), «Lengerskii пицца үшін» (майлылығы 25%) сияқты ірімшік өнімдері еліміздің барлық өңіріне жолданады. Өзбекстан жерінен де сұранысқа ие болып, шет аймаққа да жолдануда.

«ЭМ-НҰР» ЖШС-ның сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны алдағы уақытта аумағын ұлғайтуды және өндірілетін өнім көлемін көбейтуді мақсат еткен.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.