Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды.
Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша білім алады.
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесуінде қоғамдық көлік мәселесін талқылап, саладағы бірқатар жаңалықтарымен бөлісті.
Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық және келеңсіз жағдай тудырмайтын жағдай жасауды үйренеді. Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Айта кетейік, сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды. Сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші тарапынан еңбек тәртібін бұзу жағдайы орын алса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал, этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналасу қиындатылады.
Қаладағы жолаушылар мен жүргізуші арасында қандайда бір мәселелер орын алса немесе қосымша сұрақтар бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 24-75-17 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
I see You’re actually a just right webmaster. This web site loading velocity is incredible.
It kind of feels that you’re doing any unique trick. Furthermore, the
contents are masterwork. you have performed a wonderful task in this subject!
Similar here: e-commerce and also here: Sklep online
Hello! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good results.
If you know of any please share. Appreciate it! You can read similar art here: Backlink Portfolio
It’s an amazing paragraph in favor of all the web
people; they will get advantage from it I am sure.