Шымкентте «Үздік педагог» конкурсына үміткерлер іріктелуде

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықта республикалық «Үздік педагог» конкурсына үміткерлерді анықтауға жұмылдырылған арнайы комиссия өз жұмысын бастады.


Жеңімпаздарды «Нұр Отан» партиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерінен, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибелі мұғалімдерінен, педагог мамандардың біліктілігін арттыру институты қызметкерлерінен, білікті ғалымдардан құралған комиссия мүшелері анықтайды.

«Конкурс ашық өтуі үшін және түрлі келеңсіздіктерді алдын алу мақсатында қазылар алқасын жасақтауға аса мән берілді. Үміткерлер жұмыстарын биыл электронды форматта өткізді. Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды монитор арқылы сараптайды. Ал былтырғы жылы конкурсқа 165 портфолио келіп түскен болатын. Бума қағаздар тау болып үйілді. Оның ішінде 12 педагог үздік деп танылып, республикада үздік атанған 3 ұстаз қаламыздың абыройын асқақтатқан болатын. Жалпы, бұл бағыттағы жұмысымыз былтыр жемісті болғанын мақтанышпен айта аламыз. Биылғы конкурсқа қатысушыларға да үлкен үміт артамыз», — деді әдістемелік орталығының директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік жалпы, қала бойынша 75 үміткер «Үздік мұғалім» конкурсына өз өтінімдері мен құжаттарын тапсырған. Конкурстың мақсаты – креативті, іздемпаз ұстаздарды ынталдандыра отырып, олардың үздік тәжірибелерін қолданысқа енгізу.

«Үздік педагог» атағының иегері белгіленген мөлшерде сыйақы алады. Сонымен қатар, жалақысына 50% үстемеақы төленетін шебер-педагог біліктілік санатына кезектен тыс өтініш бере алады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.