
Шымкент қаласында құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалуда, деп хабарлайды ANYQ.KZ ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан Шымкент қаласына құс тұмауына қарсы 33 173 доза екпе бөлінді.
Вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып, бүгінгі күні қала аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары басталды. Алдағы күндері аталған комитет тарапынан қосымша 70 000 доза екпе босатылатын болады.
Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.
ЕСКЕРТПЕ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Байланыс телефондары: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 24-75-37, 24-75-18. «Ветеринариялық қызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
429727 633169Very usefull weblog. i will follow this blog. maintain up the good function. 344172
I am extremely inspired with your writing skills and also with the layout on your blog. Is this a paid theme or did you modify it your self? Either way keep up the excellent high quality writing, it’s uncommon to see a great blog like this one today!
579651 774622Thanks for the auspicious writeup. It truly used to be a leisure account it. Glance complicated to far more delivered agreeable from you! However, how can we be in contact? 750369