Шымкентте 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инвестициялық штабтың отырысында айтты.


Бүгінде Шымкент қаласында 2021-2025 жылдарға арналған құны 3 триллион теңге шамасында болатын 210 жобадан тұратын пул құрылды. Бұл жобалармен 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Алдағы бес жылда жүзеге асатын жобалардың 99 өнеркәсіп саласы болса, 25-і ауыл шаруашылығы бағытында. Бұдан бөлек, білім саласында 20, денсаулық бойынша 9, сауда бойынша 15, туризм саласында 8, тұрғын үй құрылысы бойынша 31 және көлік және коммуналдық қызметтер аясында 3 ивестжоба бар.

Сонымен қатар, әкім құрылысы аяқталуға жақын АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясы пайдалануға берілгенде қала тұрғындарымен қатар кәсіпкерлік саласы100 пайыз сапалы көгілдір отынмен, ал, «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылғанда электр қуатына қол жеткізетінін атап өтті

Штаб отырысын қорытындылаған Мұрат Әйтенов инвестициялық келісімдер жасасу жөнінде шешімдер қабылдаудың негізгі орталығы — Инвестициялық штаб болатынын жеткізді. Және штаб отырысында көтерілген мәселе, хаттамаға енгізіліп, оның орындалуы жіті бақылауға алынуы тиіс деді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.