Шымкентте 23975 адамнан тест алынған

Шымкентте маусым айында 14184 адамды коронавируске қарсы тестілеуден өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласының  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Шымкент қаласында сəуір мен мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл меже артығымен орындалып, 23975 адамнан тест алынған. Ал осы ай ішінде 14184 адамды тексеруден өткізбек.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша төмендегі тізімде көрсетілген азаматтар коронавируске қарсы жоспарлы тестілеуден өткізілген:

1)COVID-19 провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) COVID-19 жұқтырғандарынан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;
4) Контакт фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланысы бар адамдар;
5) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;
6) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар.

Айта кетейік, эпидемиологиялық көрсеткіштер жергілікті жердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Денсаулқ басқармасының мамандары коронавирус қауіпті дерт екенін қаперден шығармауды ескертеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.