
Бүгін Шымкентте Құрсай шағынауданында Әл-Фараби атындағы 550 орындық жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Наурыз мерекесі қарсаңында беріліп отырған оқу ордасының ашылу салтанатына қатысқандар қатары қалың болды. Соның ішінде, қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты.
— Қала мектептерінің қатарына жекеменшік Әл-Фараби мектебі қосылып отыр. Бұл — Елбасымыздың білім саласын дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Үш ауысымды білім ордаларын жою мақсатында ашылған мектептің жұмысына сәттілік тілеймін. Елін, жерін сүйетін білімді, ұлтжанды тұлғалар тәрбиеленеді деп сенемін, — деді Жанат Тәжиева.
Айта кетейік, 550 орындық жаңа ашылған білім ордасында балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқушылардың түрлі үйірмелер мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Білім ұясында 105 мұғалім жұмыс істеп, 1261 оқушы білім алады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
129804 554654Glad to be one of several visitants on this awesome web site : D. 254468
315881 409745But wanna comment on couple of common things, The website style is perfect, the content material material is really very good : D. 312124
931111 936928I must spend some time finding out much more or understanding more. Thank you for fantastic info I was on the lookout for this information for my mission. 927129