Шымкентте 6,5 млн түп ағаш егіледі

Шымкент — жасыл желегі жайқалған қалаға айналады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкенттің о бастан жасыл қала болған, сондықтан келушілерді бірден жылылыққа бөлейтін ауа райымен ерекше — Шымкент қаласын бақ қалаға айналдыру қажет.

Қала әкімдігінің есебі бойынша, қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада 40 гектарға жуық жерге «Шымситиден» саябақ салу, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.

Бұдан бөлек, қалаға ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Қаланы қолайлы қала ету үшін оның сәулеті мен көркіне де көңіл бөлініп жатқанын айтылған баспасөз мәліметінде өткен жылы демеушілер есебінен 77 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңарғаны хабарланды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.