Шымкентте «Asem clinic» емханасы пайдалануға берілді

Шымкентте «Asem clinic» емханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өзінің инстаграм парақшасында жазды.


— Өздеріңіз білетіндей, Нұрсәт шағынауданында халық өте тығыз орналасқан. Сондықтан «Asem clinic» емханасының тұрғындар үшін маңызы зор. Бүгінде мұнда 10 000 адам тіркеліп үлгерген. Ең бастысы бір емханадан медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға мүмкіндік бар. Мәселен, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, лор және т.б, — деп жазды Рашид Мамытұлы.

Сондай-ақ, медициналық нысан 100 астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Емхана тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көрсету шеңберінде 30 000 азаматты тіркеп, 1 ауысымда 300 адамға тегін медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 36 емхана бар. Кеше қаламызда 3 бірдей емхананың ашылу салтанаты өтті. Енді Нұрсәт шағынауданында «Asem», Қазығұрт шағынауданында «Қазығұрт» және Медицина академиясы жанынан ашылған клиникалар халықтың игілігі үшін қызмет етеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.