
Емхана міндеті – сапалы да тиімді медициналық көмек көрсету арқылы емделушілердің сеніміне ие болу.
Ал, дәрігердің кәсіптік қызметінің басты мақсаты ургенттік, жоспарлы және превентивті медициналық көмек көрсету арқылы адам өмірін сақтау және оның сапасын жақсарту.
Бүгінде қала тұрғындарының сенімінен шығып, кәсіби дәрігер екенін дәлелдеген маманның бірі — Карымсакова Меруерт Ойдуллаевна. Ол денсаулық сақтау саласында 33 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Білікті дәрігер қазіргі таңда №4 қалалық емханада инфекционист дәрігері болып жұмыс атқарады.
Жас ерекшелігіне қарамастан халыққа барынша адал қызмет етіп, жас-кәріге кеңес беруден жалықпаған. Инфекционист дәрігер вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан, өз қызметін тастамай, кәсіби міндетін табандылықпен атқарып келеді. Емханада күніне 15, ал айына 350-ге жуық халыққа сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Елімізде қауіпті індет таралғанда нағыз батырлар біздің арамыздағы дәрігерлер, медбикелер мен басқа да медицина қызметкерлері екеніне көз жеткіздік. Осы қиын уақытта олардың дертке қарсы күрестегі зор үлесі мен еңбегін бағалағанымыз жөн.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
444566 217521Excellently written post, doubts all bloggers offered the identical content material since you, the internet has to be far greater location. Please stay the best! 67605
628784 877195The the next occasion Someone said a weblog, Hopefully so it doesnt disappoint me approximately this. What im saying is, I know it was my choice to read, but I in fact thought youd have something fascinating to express. All I hear is often several whining about something that you could fix in the event you werent too busy searching for attention. 189197