
Жанна Абильдаева — жедел жәрдем қызметіндегі білікті мамандардың бірі.
Медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру, алдын алу жұмыстарымен әлеуметтік маңызды шараларды атқаруда.
2020 жылы елімізде келген COVID – 19 дертіне қарсы күрес шеңберінде науқастарға көмектесуде ақ халатты абзал жан ретінде еңбегі сіңген. Алғы шепте жүріп жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруда қосқан үлесі мол.
Жанна Қыстаубайқызы еңбек жолын жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының желілік бригада дәрігері ретінде 1996 жылы бастаған. 2006 жылдан бастап оперативті бөлімнің аға дәрігері болып қызмет етіп келеді.
Жұмыс барысында білікті маман, қабілетті қызметкер екендігін көрсетіп, жас мамандарға үлгі болып жүр.
«Шақыртуларға барған кезде әртүрлі науқастарды кездестіремін. Әрбірі бізге үміт артып қарайды. Құтқарушысы ретінде көреді. Осындай сенімді арқалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Коронавирус кең таралған шақта да отбасымызды біршама уақыт көрмеген кездер болды. Мұны түсіндірдің бір ғана себебі бар. Ол — мамандығыма деген құрмет пен махаббат» -дейді дәрігер.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
168911 28341Some truly good stuff on this site , I it. 451987
329060 419642Keep up the fantastic piece of function, I read few posts on this internet internet site and I think that your blog is actually fascinating and holds bands of great information. 873554
677109 45954Swiftly and easily build your web traffic and PR, which provides Web internet site visitors to add your page to any social bookmarking website. 341514