Шымкент темір жол жастары игілікті іске ұйытқы болды.
Жастар Шымкент қаласы Елтай елдімекенінде табиғат апатынан , яғни су тасқынынан зардап шеккен үйлерге тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, сондағы күні-түні қызметте жүрген «Ұлттық Ұлан» ішкі істер әскерлеріне, төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне жалпы саны 180 адамға өз қаражаттарынан ыстық тамақ мен сусындармен қамтамасыз етті.
Еске сала кетейік, мамыр айының 13-нен 14-не қараған түні Елтай елдімекенінде 40 минутта жарты айлық жауын жауған. Соның нәтижесінде, Бадам өзені арқылы өткен су мөлшері секундына 146 текше метр болыпты. Яғни, су орта қалыпты жағдайдан жеті есе көп болған. Қазір жағдай жауапты мамандардың қадағалауында. Қаладағы жағдайға байланысты ауылшаруашылығы, энергетика басқармасымен қаладағы қауіп төндіреді деген жерлерді анықтап шықтық. Соған байланысты, 4 ауданның әкімдеріне тапсырма берілді. Мәселен, Абай ауданы Бадам өзенінің жағалауын бекіту бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
You are truly a excellent webmaster. The web
site loading speed is amazing. It kind of feels that you are doing any unique trick.
Furthermore, the contents are masterwork. you’ve done
a magnificent activity on this matter! Similar here:
https://funero.shop/ and also here:
Dobry sklep