Шымкенттік онколог-дәрігер 6 мыңнан астам науқасқа ота жасап өмірін сақтап қалған

Маймақов Аққали оңтүстік өңіріндегі танымал білікті онкохирург.


Жоғары санатты онколог, онкохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Аққали Тілеубайұылының медицина саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақ халатты абзал жан —  Маймақов отыз жылдық жұмыс өтілі ішінде қарапайымнан күрделіге дейін 6 мыңнан астам операция жасап, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың өмірін аман алып қалған.

Білікті хирург асқазанның, өңештің, бауырдың, ұйқы безінің қатерлі ісіктеріне күрделі ота жасайды. Ең бастысы медицина маманы операция жасаған кезде науқастың ағзасын сақтап қалу үшін тың әдіспен жасауды тәжірбиесінде жиі қолданады. А.Маймақов 30-дан астам медициналық мақалардың авторы.

Шымкент қаласындағы окнологиялық орталықта еңбек ететін дәрігер ракқа шалдыққан аурулардың санын азайтуда өз білімі мен тәжірибесін пайдаланып күрделі ота жасауда аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жан.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.