Шымкент қаласында шалғай орналасқан тұрғын алаптардағы 39 көшеге жарық шамдар орнатылып, төрт көшенің жарық жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Ал алдағы үш жылда қаладағы 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, қаладағы Құрсай, Қазғұрт, Сауле шағын аудандарындағы бірқатар көшелер мен Қайнарбұлақ саяжайының орталық көшесіне жарықтандыру бағаналары қойылуда екен.
Сондай-ақ, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдары диодты шамдарға ауыстырылып, қосымша жарық жүйесі орнатылған.
Сала мамандарының айтуынша, қала көшелерін жарықтандыру бойынша жасалынған үш жылдық жоспар толық іске асырылатын болса, энергия үнемдейтін LED шамдарын ауыстыру – 100 пайыз, тозған тіректерді жаңасына ауыстыру –100 пайыз болмақ. Осы үш жылда жарықтандырылатын көшелердің саны 181-ден 484 көшеге көбеймек.
Сонымен қатар, шалғай елді мекендердегі көшелерді сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету және диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқару көзделіп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат