Шымкент: Абай ауданында бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды

Шымкент қаласы, Абай ауданында бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Абай ауданы аумағындағы «Тұрлан» шағынауданы Сәтпаев көшесі бойындағы контейнер алаңшасының айналасында бей-берекет қоқыстардың үйліп жатқандығы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Аудан әкімі аппараты әлеуметтік желіге монитиринг жүргізіп, қоқыс алаңшасының айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов көшесі, №2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қураған ағашты қырқу туралы тұрғындар өтініш жасаған еді. Соған сәйкес, қураған және кедергі келтірген ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аумағы 100 гектарды құрайтын Абай ауданы аумағында орналасқан қаладағы ең үлкен мазараттың бірінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары зиярат ету барысында жерленген туған туыстарының қорымдарының айналасындағы шөптерді және қойылған гүл шоқтарын мазараттың әрбір бұрыштарына шығарып тастауда. Осыған орай бей-берекет қоқыстардың көлемі күннен-күнге артуда.

Тазалық – денсаулық кепілі. Аудан әкімдігі қала тұрғындарын тазалық қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.