Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Солтүстік саяжай» шағын ауданы тұрғындарымен кездесіп, өтініш тілектерін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, апта басында аталған елді мекенде ауыз су жүйесінің құрылысы басталған болатын. Тұрғындарға құрылыстың келесі жылы аяқталатынын, ауыз су жүйесі пайдалануға берілгенге дейін елді мекеннің 6 жерінен уақытша су беру жүйесі қосылатынын жеткізді.
Кездесу барысында Б.Парманов «Хабар-24» және «Нар тв» телеарналарына елді мекеннің инфрақұрылым жүйелері бойынша сұхбат беріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Қазіргі таңда шағын ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Ал 2021 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Сондай-ақ, елді мекенді газбен қамту бойынша Энергетика басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, аяқталу мерзімі – 2021 жылдың қаңтар айы. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.
Айта кетейік, Солтүстік саяжай шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған соң, асфальт және мектеп салу жұмыстары қарастырылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?