Шымкентте автоХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық орталығы хабарлайды.
25 мамыр күні Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында автоқызметтер қолжетімсіз болды. Бүгінде мәселе оң шешімін тауып, барлық автоХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істей бастады.
«Біздің әріптестеріміз жүйелеріндегі ақауларды жойды. Ол өте күрделі ақау болды және Ішкі істер министрлігінің мамандары мәселені мүмкіндіктерінше тезірек шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Бүгін таңертеңнен бастап біздің автоХҚОлар штаттық режимде жұмыс істей бастады. Біз өткен күндер ішінде жиналған барлық өтінімді жедел өңдеуге тырысамыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» – деді Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Айта кетейік, АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі күні — демалыс.
Айта кетейік, енді Шымкенттіктер автоемтиханнан өтпес бұрын, мамандандырылған ХҚО-да алдын ала жол қозғалысының теориясы бойынша білімін сынап көре алады. Жыл басынан бері мыңнан астам шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.
«ANYQ.KZ» — ақпарат