Шымкентте мессенджер арқылы «Бастау Бизнес» жобасына қатысты жалған хабарлама таралуда.
Бүгін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы осы ақпарат жөнінде ресми мәлімдеме жасады.
Хабарламада жоба қатысушысының орнына емтихан тапсырып, бизнас-жоспар жасап беретіні және компания мұндай қызметті 3 жылдан бері көрсетіп келетінін алға тартқан.
– Сіздерді «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз!Егер сіз белгілі бір себептермен Атамекен «Бастау Бизнес» оқуын оқи алмайтын болсаңыз, біз көмектесеміз. Біз жеке компания қызметін ұсынамыз, үш жыл бойы «Бастау Бизнес» оқуын оқытып сертификаттарын алып беріп келеміз. Сіздің орныңызға сабақ оқып, экзамендер тапсырып, бизнес план жасаймыз. Курсты толық бітірген туралы сертификат алып береміз. Орындар шектеулі, тезірек тапсырыс беріңіз, — деп жазылған хабарлама мәтінінде.
Тұрғындар арасында кеңінен талқыланып отырған хабарламаны Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жалған екенін растады.
– «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың барлық қызметтері ақысыз, тек заң аясындажүзеге асырылады.Оқу барысында қатысушыларды тек жоба кеңесшісі менәр топтың бизнес-тренері сүйемелдейді, — дейді кәсіпкерлік палатасы өкілдері.
Сонымен бірге,жалған ақпарат бойынша құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
«ANYQ.KZ» — ақпарат