
Шымкент қаласында бүгінде 6 шағынауданда ішкі ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Солардың бірі «Асар-2» шағынауданында су құбыры тартылып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
Су құбыры нысаны 2020 жылдың мамыр айында басталды. Құрылыс ұзақтығы 9 ай мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Тартылатын су құбырының ұзындығы 156,1 км.
Аталған жұмыстар бойынша бас мердігер «Сарыағаш Аман» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, ал техникалық қадағалаушы «Арх Строй Сервис-А» ЖШС болса, жобалаушы мекеме «УЛМАД» ЖШС-і.
Нәтижесінде биыл қыркүйек айында «Асар-2» шағынауданындағы 2 723 үй таза сумен қамтылатын болады.
Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінде 6 шағынауданда ішкі ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Атап айтқанда, Тұран шағынауданында ауызсу жүйесінің құрылысына 2021 жылға 378,2 млн теңге қаралған. Ауызсу құбырының жалпы ұзындығы – 59,8 шақырым. Қазіргі таңда 51,4 шақырым (86 пайыз) жұмыстар орындалды. Нысанды аяқтау мерзімі – 2021 жылдың 3- тоқсаны.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
274730 261698I enjoy your writing type, do keep on writing! Ill be back! 471059
51602 974037Maintain websiteing stuff like this I really am fond of it 288743
325146 926597Delighted for you to discovered this web site write-up, My group is shopping far more often than not regarding this. This can be at this moment certainly what I are already seeking and I own book-marked this specific site online far too, Ill often be maintain returning soon enough to appear at on your distinctive weblog post. 874814