Шымкент: Асхат Жұмағали жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға шақырды

Департамент басшылығы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымымен кездесті.


Шараның басты мақсаты — аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу, ұжым арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Онлайн режимдегі жиынға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев және қызметкерлері қатысты.

Онлайн жиында А.Жұмағали медицина саласы қай уақытта болса да маңызды екендігін, әсіресе пандемия жағдайында медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында реттеуші орган ретінде аталған мекеменің маңыздылығына тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды түсіндіру барысында Департамент басшысы жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.

Сондай-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында басты назар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын жетілдіруге бағытталғандығы қатысушылардың назарына жеткізілді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды кеңінен баяндап, жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев ұжымда жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет берді.

Жиынды қорытындылаған Асхат Жұмағали жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға, әділ қоғамда өмір сүріп, адал еңбек етуге шақырды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 428441 172540Average In turn sends provides may be the frequent systems that supply the opportunity for ones how does a person pick-up biological, overdue drivers, what one mechanically increases the business. Search Engine Marketing 923257

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.