
Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов Көкбұлақ т.а Бадам өзені жағалауына тасталған құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тазалау және ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мамандарға тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Тазалау жұмыстарына 2 ауыр жүк көтергіш техника мен 5 ауыр жүк көлігі жұмылдырылды. Тазаланған күл-қоқыстар арнайы қоқыс полигонына төгілді. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар Қызылжар, Игілік, Жаңаталап және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілмек.
Бадам өзенінің жағалауындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі Б.Пармановтың тікелей бақылауында болады. Осы орайда, жауапты мамандар тұрғындарға белгіленбеген орындарда қоқыстарды тастау ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
316937 794950This put up is totaly unrelated to what I used to be looking google for, however it was indexed on the first page. I guess your performing something proper if Google likes you adequate to location you at the first page of a non related search. 667988
119484 133812just couldnt leave your web web site before suggesting that I actually loved the normal details a person give for your visitors? Is gonna be again ceaselessly to check up on new posts 424489