Шымкент: Бадам өзенін абаттандыру кезең-кезеңімен жүргізілуде

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын аралау барысында Бадам өзеніне де ат басын тіреді.


Бадам өзенін абаттандыру мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейін кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Бірінші кезеңде 3 шақырым, екінші кезеңде 6,2 шақырым аумақ абаттандырылады. Өзен аумағына асфальт төселіп, су тасыған кезде бүлінген жерлер қайта қалпына келтіріледі.

Бас мердігер — «СтройСервис-7» ЖШС.

Қала әкімі барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Одан әрі күтіп-баптауға қаржы бөлу мәселесі келер жылдың бюджеттік өтініміне мәслихат қарауына ұсынылатын болады.

Еске сала кетейік, «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы қаладағы 211 нысанға (саябақ, сквер, ескерткіштер, субұрқақ) күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 3 млрд 323 млн теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде «Көк», «Чумчак», «Сайрам су сай» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп биыл аяқталады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.