Шымкент: Базарлар мен банктерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Бүгін таңертең Абай ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған 9 базарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, банктерді де санитарлық тазалау барысы іске асырылды.


Атап айтсақ, Темірлан тас жолындағы «Халық банк» пен «Каспий банк», Б.Момышұлы және А. Асқаров көшелеріндегі Халық банк. Ал «Хоум банкте» де санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Яғни, қаржы ұйымдарында жағдай тұрақты.

Осы ретте дезинфекциялық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-аұ, Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген.

Арнайы мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізілуде.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге аудандарда да жалғасуда.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.