Шымкент: Барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды қамтитын жаңа маршруттық желі бекітілді

Шымкент қаласында барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды қамтитын жаңа маршруттық желі әзірленіп, бекітілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 


Бүгінде Шымкент қаласында 68 бағыт қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, бағыттардың саны 78-ге дейін артады. Сызба бойынша қаланың барлық бөліктерін жолаушылар бағыттарымен байланыстыратын 6 HUB анықталды. 

Бүгінде шаһарда тұрғын алаптар қоғамдық көліктермен қамтылып, бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Атап айтқанда, Солтүстік саяжай шағынауданына (№ 108а жаңа автобус), Қайнарбұлақ (саяжай) шағынауданы (№ 70 автобус), Құрсай шағынауданы (№ 21 автобус), Ынтымақ- 2 шағынауданы (№ 55 автобус), Асар, Ақжайық шағынауданы (№108 автобус), Жалын, Жұлдыз, Қарабастау тұрғын алабы (№191 автобус), Агроферма шағынауданы (№ 96 автобус маршрут) және Қайтпас шағынауданына (№ 42 жаңа автобус) жаңа автобустар қатынауда. 

Биыл әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жүргізіледі. 2020 жылы 5,7 млрд теңгеге 28 маршрут субсидияланған. 2021 жылы 36 бағытқа (9,3 млрд теңге) субсидия төленеді. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 535725 704248Hey this is kinda of off topic but I was wanting to know if blogs use WYSIWYG editors or in case you have to manually code with HTML. Im starting a blog soon but have no coding experience so I wanted to get advice from someone with experience. Any support would be greatly appreciated! 386998

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.