Шымкент: Бас мүфти 4 дін қызметкеріне пәтер кілтін табыстады

Шымкенттегі ресми сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 4 үйдің кілтін табыстады.


Қайырымдылық шарасы Шымкенттегі «Aq Meshit» орталық мешітінде өтті. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бір сәтте 4 дін қызметкері баспаналы болды. Атап айтсақ, «Айтбай ата» мешітінің азаншысы Бекжан Ильяс, «Атамекен» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов, «Тәжібай ата» мешітінің бас имамы Еркебұлан Серікбаев, «Үсенбек ата» мешітінің бас имамы Мұстафа Бауыржанұлы қызметтік пәтерге қол жеткізіп отыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған игі шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінге дейін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен ел бойынша 400-ден аса баспана берілген.

Мұнан соң, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Aq Meshit» орталық мешітінде ұйымдастырылған «Рухани тәрбие – кемел адам» рухани һәм салт-дәстүр шарасына қатысып, азан шақырып ат қою рәсімін өткізді.

Кездесу аталған мешітте «ХХI ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумына жалғасты. Онда салада үздік деп танылған дін қызметкерлері марапатталды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.