Шымкент: Биыл 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарлануда

Шымкент қаласының маслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үй мен жол және көлік инфрақұрылым бағыттарын дамыту бойынша Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжановпен бірлескен тікелей эфир барысында тұрғындардың сауалдарына жауап берді.


Бір сағатқа жуық өткен тікелей эфирде басқарма басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегінің жылжуы және азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылуы негіздерін түсіндіріп өтті.

— Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана беру – тұрғын үйге мұқтаждығы жойылған жағдайда, басқа елдiмекенге тұрақты тұру үшiн кеткен болса немесе мемлекеттік кәсіпорындағы немесе мемлекеттік мекемедегі еңбек қатынастарын тоқтатқанда, азаматтар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер бергенде, жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғын үй сатып алған жағдайларда, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алған жағдайларда кезекке тіркелген азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығарылады, — деді басқарма басшысы.

Қалада қазіргі таңда 44 635 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Биыл 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, бүгінгі таңда құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 300 пәтер жұмыс істейтін жастарға биылғы жылдың басында табыс етілді. 308 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, жалдау шарттарын беру толығымен аяқталып, азаматтарға қолданысқа берілді. Ал жыл соңына дейін 368 отбасы жалдамалы баспанаға қол жеткізетін болады. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 328722 196990Greetings! Quick question thats completely off topic. Do you know how to make your internet site mobile friendly? My weblog looks weird when viewing from my iphone. Im trying to uncover a template or plugin that may well be able to fix this issue. If you have any recommendations, please share. Appreciate it! 138820

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.