Шымкент: «Бозарық» қосалқы станциясы құрылысының жұмыс қарқыны күшейтіледі

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы қолға алынған болатын.


Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов «Бозарық» қосалқы станциясын іске қосу шараларын пысықтап, бұл мақсатта шұғыл жұмыс тобын құрды. 

Жиынға қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, жобаның авторлық қадағалаушысы «Институт Казсельэнергопроект» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Жоба құрылыс орталығы» ЖШС, бас мердігер «Аврора Констракшен» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ-ы, «Комби Строй» ЖШС, жобаны іске қосуға жауапты «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті», «Қуатжылуорталық-3» МКК, «KEGOC» АҚ және «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС басшылары мен мамандары қатысты.

Жиында «Бозарық» қосалқы станциясы құрылысының жұмыс қарқынын күшейту мен жеделдету мақсатында арнайы жоспар пысықталды. Техникалық қадағалаушы мекеме өз тарапынан ескертпелерін жеткізіп, егжей-тегжейлі нақты жоспар жасалды. Ауқымды жобаға жұмылдырылған мамандар ортақ мақсатқа жетуде өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Мәулен Зарлықұлы жұмыс тобының ортақ іс-қимыл жоспарын тыңдап,  жобаның авторлық және техникалық қадағалаушыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Жоба құрылысына, нысанның әрбір бөлігіне жауапты мекемелердің жұмыстың үш кезеңінде атқарылар іс-шаралары нақтыланды. 

Жобаны іске қосу жұмысын қарқынды әрі күшейтілген режимде атқарып, сапалы аяқтауға тапсырма берілді. Арнайы жұмыс тобы аптасына екі рет бас қосып және нысан аумағында атқарылған жұмыстарды тұрақты баяндайтын болады.  

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.