
Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы – 700 метр, ені 4 метр. Тұрлан шағынауданындағы Әйтеке би көшесіне орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары толығымен орындалды.
Жауапты мердігер мекеме «Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і екі көшені де өз мерзімінде тапсырды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і жүргізген бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілді. Метрологический, Шевченко көшесінде (көшенің ұзындығы 930 метр, ені 5 метр), Аманжолов өткелінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы жолдарды жөндеуге биыл 27 миллаирд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Қазір шаһарда жұмыс қауырт. Мердігерлер қара күзге дейін 414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтаймыз деп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
878157 860094I conceive this site has got some real fantastic data for every person : D. 275327
318696 85728Its onerous to search out knowledgeable individuals on this subject, however you sound like you already know what you are talking about! Thanks 769783