Шымкент: Бір жарым мыңға жуық тұрғынға шипажайға жолдама берілді

Шымкентте бір жарым мыңға жуық тұрғынға шипажайға жолдама берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.


Шымкентте жыл басынан бері 1 401 адамға еліміздегі түрлі шипажайларға жолдама берілді. Оның ішінде 1003 зейнеткер, 398 адам мүмкіндігі шектеулі азамат.
Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ, мүгедектерге арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігіне 400-ден астам өтінім қабылданып, қазіргі таңда қызмет көрсетілуде. Ал Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігіне 420 өтінім қабылданған.
Онымен қоса жыл басынан бері басқарма тарапынан үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 52 жолдама беріліп отыр. Одан өзге, осы кезеңде медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 24 жолдама берілген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Hey there just wanted to give you a quick heads up.

    The words in your post seem to be running off the screen in Firefox.
    I’m not sure if this is a format issue or something
    to do with web browser compatibility but I figured I’d post to let you know.
    The design look great though! Hope you get the problem fixed soon. Thanks

  2. 328622 329318I came towards the exact conclusion as effectively some time ago. Fantastic write-up and I is going to be sure to look back later for far more news. 80982

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.