Шымкент: Вакциналау бекеттерінің саны артты

Шымкент қаласында өткен тәулікте 2 016 адам вакцина салдырды: I компонент – 858, II компонент – 1158.


Егу науқаны басталғалы барлығы 171 468 адам вакциналанды. Оның ішінде 77 515 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

25 мамыр күні шаһарда КВИ-дің 62 жағдайы тіркелді. 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 43 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).

Сондай-ақ, 25 мамыр күні 226 нысан тексерілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.