Шымкент қаласында өткен тәулікте 8 058 адам вакцина алды: I компонент – 7 280, II компонент – 778.
Егу науқаны басталғалы барлығы 103 360 адамға екпе салынды. Оның ішінде 12 358 адам вакцинаның екі компонентін алған.
29 сәуір күнге КВИ-дің 105 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 70, белгілері жоқ — 35). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 75 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Сондай-ақ, өткен тәулікте 562 нысанға (548 кәсіпкерлік нысан, 14 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны артып келеді.
Қала тұрғындарын сақтық шараларына мән беруге, өз жақындарының саулығы үшін, тезірек екпе салдыруға шақырамыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат