Шымкент: «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 17 қараша күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.


Жоба мақсаты — Шымкент қаласындағы кино индустрия саласын дамыту. Әлемдік пандемия кезінде қаламыздың ерікті жастарының жанкештілікпен қызмет жасағыны сияқты – волонтерлік қозғалысты насихаттау. Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауды насихаттау арқылы жастарға сапалы кинотуындыларды ұсыну, волонтерлік қозғалысты кеңінен насихаттау арқылы, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру. Жастар арасындағы мәселелерді ашық көрсету арқылы оларды саналы әрекеттерге тәрбиелеу.

Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары қатысты.

Кино көрсетілім соңында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы қалың көрерменге ұсынылып жатқан фильм, әрқайсымызға рухани азық екенін айтып, түсірілім тобына шығармашалық табыс тіледі.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.