Шымкентте өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Комсомол көлі» учаскесінің өрт-бақылау мұнарасының аймағында өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің, Түркістан облысының «Бадам» орман шаруашылығы қызметкерлерінің дала-орман өртін сөндіру кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау.
Іс-шара Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовтің және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсибаевтің басшылығымен ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу жиынына Шымкент қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі мен «Жасыл белдеу» мекемесінің жеке құрамында 134 адам, 26 техника жұмылдырылды.
Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елдімекендерде жалпы 405 адамнан тұратын 42 ерікті өрт сөндіру құрылымын құрды. Олар 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен жабдықталған.
Өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жиындары тұрақты өткізіледі. Кезекті жаттығуда арнайы дайындық барысы пысықталып, бірлесе атқарар жоспарлар нақтыланды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат