Шымкент: Достық елдері арасында өткен өнерлі балалардың фестивалі өз мәресіне жетті

Шымкентте «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» жылы аясында «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестиваль өз мәресіне жетті.


Достастық елдері арасында өткен шараға 6 жастан 15 жасқа дейінгі жалпы саны 500-ге жуық бала қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен 20 бала, Қазақстан Республикасынан – 479 қатысушы үш номинация бойынша өз шығармаларын жолдады. Фестивалдің бағдарламасы «Вокалдық шығармашылық», «Аспапта орындау», «Бейнелеу өнері» номинациялары бойынша жүргізілді.

Балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестивальдің барлық қатысушыларына қала әкімінің атынан арнайы дипломдар табысталды.

Фестиваль аясында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің өнерлі балалары ерекше белсенділік танытты. Солардың қатарында, вокал бойынша Сочи қаласынан қатысқан «Voc time» квартеті және Насибуллина Дамира, Қырғызстаннан Жанибекова Сауле өз ұлтының халық әндерін жоғары дәрежеде орындады. Өзбекстандық — Султанова Шахзода, Абдурахманова Диёра, Мирпулатов Мирза-Шухрат, Миржалилова Мадина есімді суретші жастар «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Достастық елдері тақырыбында жаңа туындыларымен фестивальдің жандануына атсалысты.

Қазақстандық қатысушы жас өнерпаздар да үш номинация бойынша тақырыпты кеңінен аша білді. Атап айтқанда: «Бейнелеу өнері» номинациясында Қызылорда облысынан Зұлқарнай Нұрай, Қостанай облысынан Бейсембаева Риза, Ковалева Ирина, Трефилова Мария достастық елдері тақырыбы мен Шымкент қаласының көрікті жерлерін қылқаламмен әсем түрде бейнелеген. Жас өнер иелерінің ішінде ерекше көзге түскен Исабекова Гульназ достастық тақырыбын қабырғаға салған арнайы граффити өнерімен тәнті етті.

«Вокалдық шығармашылық» номинациясында Қостанай облысынан Перевозкина Дарья «Қазағымсың» әнін жанды дауыста жоғары дәрежеде шырқаса, Павлодар облысы Ақсу қаласының жас әншісі Арынова Дария, Сапаргалиева Азалия және Шымкент қаласынан Абуталип Алижан шетелдік классикалық шығарманы кәсіби деңгейде орындады.

«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан «Домбыра думан», «Қыздар ай» ансамбльдері қазақша күй өнерінен ерекше сыр шертті. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданынан қатысушылар Әлібаева Ақторғын мен Нұртілек Жайнар да орындау шеберліктері жоғары екенін көрсете білді. Дарынды жастар қазақтың көне шығармалырын домбыра, баян, қобыз, скрипка, пианино, саксафон және гитара аспаптарында еркін ойнай алатындықтарын көрсете білді.

Онлайн оқуға қатысушы өнерлі балалардың сапалы бейнежазбалары әлеуметтік желіде арнайы хэштегтер арқылы жарияланып көрерменнің ыстық ықыласы мен лебізіне бөленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

7 Comments

  1. Good post. I learn something totally new and challenging on websites I stumbleupon every day. It will always be interesting to read through articles from other authors and practice a little something from their web sites.

  2. I’d like to thank you for the efforts you have put in writing this blog. I really hope to view the same high-grade content from you in the future as well. In fact, your creative writing abilities has inspired me to get my own, personal site now 😉

  3. Oh my goodness! Awesome article dude! Thank you so much, However I am having difficulties with your RSS. I don’t understand the reason why I can’t subscribe to it. Is there anyone else getting similar RSS problems? Anyone that knows the answer will you kindly respond? Thanks!!

  4. Howdy! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
    I’m trying to get my website to rank for some targeted
    keywords but I’m not seeing very good results. If you know of any please share.
    Cheers! I saw similar blog here: Eco blankets

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.