Шымкент: Дәрі-дәрмек қолжетімділігін мониторинг тобы бақылауда

   Бүгін «Nur Otan» партиясы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған қоғамдық мониторингтік топ аудан аумағындағы орналасқан ірі дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.


Ондағы мақсат – дәріхана сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін қадағалау, сондай-ақ дәрі бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізу.

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 118 дәріхана бар. Олардың 32-сі 24 сағат жұмыс істесе, қалған 86-сы күнделікті азанғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Мониторингтік топтың зерделеу жұмыстары барысында кейбір қажетті дәрі-дәрмек сөрелерде жоқ екендігі анықталды, алайда онда алмастырушы дәрілер бар екені белгілі болды. Тиісті мамандардың мәліметінше, алдағы 3 күн ішінде барлық дәрі-дәрмек халыққа толық қолжетімді болатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта «Бірінші дәріхана», «Еврофарма» «Зерде» сынды дәріханалар жүйесінде вирустың алдын алуға арналған дәрі-дәрмектердің 90% бар. Бағасы тұрақты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс атқарады. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат, 136 352 вирусқа қарсы препарат, 133 040 антибиотиктер және 44 253 қорап «С витаминдері» бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.